«Жобаларды басқару бойынша аккредиттеу қағидалары»

«Жобаларды басқару бойынша аккредиттеу қағидалары»

Жобаларды басқару бойынша аккредиттеуді алу қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесі:

1) келесі мамандықтар бойынша бірінші деңгейдегі жауапкершілікті объектілер бойынша техникалық тексерісті жүзеге асыру бойынша үштен кем емес аттестатталған сарапшылардың бар болуы;

тіреу және қоршау конструкциялар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес);

инженерлік желі бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес)

технологиялық жабдықтар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес);

2) "Жобаның басты инженері" және/немесе "Басты инженер" мамандығы бойынша аттестатталған инженер-техник жұмыскердің бірден кем емес болуы

3) Квалификацияланған инженер-сметшінің бірден кем емес болуы

4) Жеке мүліктік немесе басқа да заңдық негізде құқығы бар әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бар болуы

5) Материалды-техникалық жабдықтардың бар болуы, жеке алғанда есептер жүргізуді, графикалық және басқа да материалдарды толықтыру және құрастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар жұмыс станциясының бар болуы;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті беру, қайта ресімдеу - 20-40 минут

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

Электрондық (толық автоматтандырылған).