Құрылыс объектісінде міндетті түрде болуы тиіс құжаттардың тізбесі

Құрылыс объектісінде міндетті түрде болуы тиіс құжаттардың тізбесі

ҚР ҚН 1.03-00-2022 cәйкес "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуды ұйымдастыру":

Құрылыс алаңында болуы тиіс құжаттардың тізбесі (түпнұсқада немесе көшірмеде):

- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы хабарлау;

- Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;

- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

- Егер мұндай рұқсаттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, жергілікті әкімшілік берген іздестіру, геодезиялық, жер қазу және бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арнайы рұқсат (ордер);

- Жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындау туралы жауапты ұйымдардың өкімдік құжаттары (бұйрықтары);

- Құрылыс алаңын жауапты ұйымға беру туралы акт (хаттама).

- Жауапты ұйымға геодезиялық бөлу негізін беру туралы акт.

- Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың ағымдағы кезеңіне сәйкес келетін жобалау-сметалық құжаттама;

- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың ағымдағы кезеңіне сәйкес келетін (егер ол әзірленіп, бекітілсе) жұмыстарды жүргізу жобасы немесе өзге де ұйымдастыру-технологиялық құжаттама;

- Техникалық қауіпсіздік жөніндегі шешімдер, егер олар жұмыс өндірісі жобасының құрамына кірмесе.

- Материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың объектіге түсуі және кіріс бақылауы журналы.

- Жұмыстарды жүргізу журналы және жекелеген жұмыс түрлері бойынша арнайы журналдар (тек түпнұсқалары);

- Авторлық қадағалау журналы (егер осы объект бойынша авторлық қадағалау жүргізілсе).

- Қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық журналы;

- Қадағалау және бақылау органдары бұрын жүргізген тексерулердің нұсқамалары мен басқа да құжаттары;

- Объектіде міндетті болуы қолданыстағы нормативтік құжаттармен белгіленген өзге де құжаттар.