
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес:
3-тарау. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
- жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;
- ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;
- қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;
- белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі сарапшыларды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші "Жұмыс жүргізуге" деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.
Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.
Техникалық қадағалау авторлық қадағалау сарапшылармен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының мамандарымен бірге жүзеге асырылады.
3.Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
3-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы техникалық қадағалауды "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар жүзеге асырады.
5-1. Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жобаны техникалық, авторлық қадағалауды және басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде тіркеледі және атқарушылық құжаттаманы жүргізеді.