«Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары»

«Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары»

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
      1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;
      2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;
      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;
      4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;
      5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;
      6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;
      7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
      8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;
      9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;
      10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
     Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау техникалық тапсырмаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асыруға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
     

 

     

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде сарапшы не ұйым мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Тапсырыс берушіден тексерудің бастапқы деректерін: қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы, сараптамалық қорытындысын, инженерлік-геологиялық ізденістер жөніндегі қорытындыны, атқарушылық-техникалық құжаттаманы, рұқсат беру құжаттамасын, құқық белгілейтін құжаттарды сұратады;
      2) ақауларды суретке түсіріп, қарап тексеру жүргізеді;
      3) Тапсырыс беруші объектіні техникалық зерттеп-қарауды дайындау бойынша барлық қажетті іс-қимылдарды ұйымдастыруы және орындауы үшін тіреу конструкцияларын қажетті ашу орындары бар іс-қимылдар бағдарламасын Тапсырыс берушіге ұсынады;
      4) ұсынылған бастапқы деректерді алдын ала зерделеу мен талдауды жүргізеді;
      5) негiзгі тіреу және қоршау конструкцияларына, оның ішінде негіздемелер мен iргетастарға егжей-тегжейлі аспаптық тексеру жүргізеді;
      6) егжей-тегжейлі аспаптық зерттеп-қарау жүргізген кезде аккредиттелген мамандандырылған зертхананы тартады;
      7) зерттеп-қарау жатқан бүкіл объекті мен оның конструкциялық элементтерінің нормативтік талаптардан ауытқуларын анықтау үшін олардың инженерлік-геодезиялық түсірілімін жүргізеді;
      8) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдарының сапасын тексереді, олардың Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынақтарын ұйымдастырады және сапасын растайтын құжаттардың (техникалық паспорттар, сертификаттар, зертханалық сынақтардың қорытындылары және басқалары) бар-жоғын тексереді;
      9) зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелерге зерделеу жүргізеді;
      10) зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелер мен зертханалық деректерді ескеріп, ұсынылған бағдарламалық кешендерде ғимаратты (құрылысты) тексеру есебін жүргізеді;
      11) барлық алынған деректерге инженерлік талдау жүргізеді (конструкциялардың жұмыс істеу қабілеті санатын айқындай отырып, бастапқы деректерді, тексеру нәтижелері мен тексеру есептерін талдау);
      12) объектінің нақты деректері бойынша қажетті қосымшалары (жоспарлар, бөліністер, тіреу конструкцияларының атқарушылық түсірілімі, суретқосымша, зертхана хаттамалары, растайтын материалдар) бар, объектінің сенімділігі мен орнықтылығына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері туралы қорытынды жасап, жүргізілген техникалық зерттеп-қарауды инженерлік талдау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасайды;
      13) жасалған қорытындылардың негізінде қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
      14) объектіге қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) бойынша ұсынымдар мен тұжырымдар бар объектіні техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындыны Тапсырыс берушіге береді.
     
      8. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырған кезде сарапшыларға немесе ұйымға толық техникалық жәрдем көрсетеді.
      9. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде зерттеп-қарауды орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданыстағы арнайы техникалық қауіпсіздік қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.
      10. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау мерзімі шартпен айқындалады және мынадай:
      - техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін күнтізбелік отыз күннен;
      - бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі бірегей және техникалық күрделі объектілер үшін күнтізбелік алпыс күннен;
      - бірінші жауапкершілік деңгейіндегі өндiрiстiк мақсаттағы бірегей және техникалық тұрғыдан күрделі объектілер үшін күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайды.
      11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына Заңның 34-4-бабының 11-тармағына сәйкес жауапты болады.
      12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық қорытындылары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
      13. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық зерттеп-қарау жүргізу барысында сарапшылардың кәсіби қызметіне араласуға болмайды.
      14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асыратын тұлға өз міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не қызметін жүзеге асырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.