
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы өз қызметін «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес жүзеге асырады.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мыналардан тұрады:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жүктеледі:
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімдерде жоймаған заңды және лауазымды адамдарға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдау.
5) техникалық және авторлық қадағалау қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
6) объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.