«Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер»

«Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер»

Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау басқармасы жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес-бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады:

1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;

2) Егер бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау;

3) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөніндегі өтініштері;

4) прокурордың нақты келтірілген фактілер бойынша не адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупі туралы талаптары;

5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөніндегі мемлекеттік органдардың өтініштері;

6) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);

7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

8) салық төлеушінің өтініштері, "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.