
Құрылыс бойынша жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және келесі кезеңдермен жүзеге асырылады:
1)құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беру жағдайларынан басқа);
2)эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі - жобалау) және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу (бұдан әрі – сараптама);
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету, Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобасын әзірлеу, оны сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді.