
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) берілген мерзімі өткенде;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырғанда (оларды қайтарып алғанда);
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда;
6) лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталғанда;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталғанда;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.