«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі»

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі»

Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау басқармасы жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

- прокуратура органдарының тапсырмалары;

- мемлекеттік органдардың өтініштері;

- үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

- нұсқамалардың орындалуын бақылау.

Белгіленген бұзушылықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан ауытқуларға байланысты сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 20-тарауына сәйкес құрылыс субъектісіне қатысты шаралар қабылдайды.

Құрылыс саласындағы әкімшілік жауапкершілік бұзушылыққа тәуелділікке және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды көздейді. Жекелеген жағдайларда лицензиядан айыру немесе аттестаттарды тоқтата тұру және т. б. түріндегі қосымша санкциялар көзделеді.

Тексеру нәтижелері бойынша инспектор нұсқама береді, оған сәйкес құрылыс субъектісі белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоюға міндетті.

Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) нормаларына және мемлекеттік құрылыс нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.