«Жалпы талаптар бойынша нысанды қабылдау және пайдалануға беру тәртібі»

«Жалпы талаптар бойынша нысанды қабылдау және пайдалануға беру тәртібі»

Нысанды пайдалануға қабылдау актісі – бұл құжат, объектінің бекітілген жобаға және мемлекеттік (халықаралық) нормативтерге сәйкес салынғанын және нысанның толық дайын екенін растайтын құжат.

Нысанды пайдалануға беру тәртібін бұзғаны үшін ӘҚБтК-ге сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 14-тармағына сәйкес, құрылыс процесінің негізгі талаптары - Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауындағы нормаларға сәйкес пайдалануға қабылдануға жатады.

Бекітілген нысанды пайдалануға қабылдау актісі жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізуге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге негіз болып табылады.

7-тармаққа сәйкес, нысанды пайдалануға қабылдау актісі бекітілмейінше, объектіні пайдалануға беруге рұқсат етілмейді. Арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы өндірістік (өнеркәсіптік) нысандарды іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде пайдалануға рұқсат етіледі. Іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде шығарылатын өнімдер стандарттау мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген жағдайда, нысанды пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Нысанды пайдалануға қабылдау актісіне тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде қол қояды.

 

Пайдалануға қабылдау актілерінің екі түрі бар:

 

№ 1 Нысанды иесінің өзі пайдалануға қабылдауы (Заңның 74-бабы)

Иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген қарапайым техникалық объектілерді пайдалануға қабылдауды өзі жүзеге асырады.

Бұл баптың нормалары Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген бөлмелерді (ғимараттың жекелеген бөліктерін) өзгерту, сондай-ақ аталған техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілерді салу және пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін немесе мемлекеттік, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келетін жағдайларға қолданылмайды.

Бұл баптың нормалары келесі объектілерге қолданылмайды:

1) мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен қаржыландырылатын құрылыс;

2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлердің құрылысы.

Қабылдау тәртібі және объектіні иесінің өзі пайдалануға қабылдау актісінің нысаны архитектура, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі.

Иесінің өзі пайдалануға қабылдау актісі орындалған геодезиялық түсіріліммен бірге міндетті түрде архитектура және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде есепке алынуға жатады.

 

№ 2 Нысандарды пайдалануға қабылдау тәртібі (75-бап)

Нысанды мердігерден (бас мердігерден) қабылдау тапсырыс беруші, техникалық және авторлық қадағалаулардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Мердігерден (бас мердігерден) нысанның пайдалануға дайын екені туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап тапсырыс беруші нысанды қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Мердігерден (бас мердігерден) нысанның дайын екені туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) және техникалық, авторлық қадағалау жүргізуші тұлғалардан сәйкестік декларациясы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды сұратады.

Мердігер (бас мердігер) және техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушінің сұрауын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сәйкестік декларациясын, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды немесе теріс қорытындыларды ұсынады.

Авторлық қадағалаудың орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындысы жобалау кезінде берілген техникалық шарттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қызмет жеткізушілеріне инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге негіз болып табылады, егер бұл қолданыстағы нормалар мен ережелерге қайшы келмесе.

Тапсырыс беруші сәйкестік декларациясы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп атқарушы техникалық құжаттаманы бар-жоғын және толықтығын тексеруге, сондай-ақ нысанды пайдалануға қабылдауға арналған актіге қол қою арқылы тексеріп қабылдауға міндетті (нысанның пайдалануға дайын екеніне соңғы тексеру жүргізу).

Жобалық шешімдер мен мемлекеттік (халықаралық) нормативтердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытынды болған кезде тапсырыс беруші мердігер (бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін нысанды пайдалануға қабылдайды.

Анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін нысанды пайдалануға қабылдау осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушіге жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы, сәйкестік декларациясын, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды беру жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаушылардың, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың жобалау, құрылыс, қабылдау және нысанды пайдалануға беру кезінде орындалған жұмыстар үшін жауапкершілігін жоя алмайды.

Қосымша ақпарат алу үшін «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-ге мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 27, 2-қабат, тел. 87232401127.