Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беру тәртібі және лицензияны қайта ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет

Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беру тәртібі және лицензияны қайта ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет

Лицензияны қайта ресімдеу үшін "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы өтініш беру қажет, Лицензия жеке тұлға-лицензиаттың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда қайта ресімделуге жатады. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мынадай құжаттарды тіркеу қажет: өтініш лицензиялық алым Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)өзгергенін растайтын құжат,
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметтерді қайта ресімдеу туралы өтінішті алушы көрсетілетін қызметтердің жеке басын куәландыратын құжатты ауыстырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде береді.
Лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымды төлеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%. КБК-105402; КНП -911 төлем банктің кез келген бөлімшесінде, сондай-ақ Kaspi қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы; лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер.