
1. Осы санаттағы жеке немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады.
2. Лицензиялық алым төленбеген.
3. Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
4. Өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.
5. Сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот борышкер-өтініш берушіге лицензия беруге уақытша тыйым салады.
6. Лицензия алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталды.