
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады
Тексеруді тағайындау үшін негіздер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабында көрсетілген (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік органдардың өтініштері, прокуратура органдарының тапсырмалары және т.б.).
Тексеруді тағайындау туралы Акт міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті) тіркеледі.
Ескертпе: жоспардан тыс тексеру заңнаманың талаптарын бұзудың дәлелді негіздері мен растайтын дәлелдері болған кезде тағайындалады.
ҚР бұзылған талаптарының бар екендігі туралы тұжырымдар расталатын фактілер мен мән-жайлар (аудио бейнежазбалар, фото-және (немесе) кинотүсірілім материалдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар) туралы заңды тәсілмен алынған мәліметтер заңнаманың талаптарын бұзудың дәлелді негіздері және растайтын дәлелдемелері болып табылады