«Бір қабатты Шығыс» туралы 2024 жылғы ақпарат

«Бір қабатты Шығыс» туралы 2024 жылғы ақпарат

Ауылдық жерлерде мекендейтін халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды және басым мәселелердің бірі болып табылады.

2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан  облысында  "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы іске асырылуда онда мемлекеттік жеке серіктестер тұрғын үйді сатып алып, оларды мұқтаж жандарға бөледі. 2024 жылы Шығыс Қазақстан  облысында 458 үй салу жоспарланған, олардың 70 м2 ауданы       319 үй, және 85 м2 ауданы 139 үй.

 "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында Өскеменде 40 үй тұрғызылады. Катон-Қарағай мен Марқакөл аудандарының ішінде жаңадан құрылған аудандарында 44 үй салынады. Салынып жатқан үйлердің сапасын бақылау, Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл міндеттерді Мемлекеттік Мекеме «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» қадағалайды.

Жылдың басында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша құрылыс нысандарын тексеру басталды. Сонымен қатар, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» тарапынан салынып жатқан үйлердің құрылыс талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізілуде.

Толығырақ ақпарат алу үшін ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі мекенжайы бойынша "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не хабарласа аласыз. Телефон нөмеріміз8(7232) 40-11-27