
Техникалық қадағалау Қазақстан Республикасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (әрі-заң) 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген нысандарды қоспағанда, барлық құрылыс нысандарында міндетті түрде жүзеге асырылады
Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың, міндеті
1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауын қадағалауды қамтамасыз етуге;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
3) нысанда 1), 3), 4), 5) және 6) осы заңның 31-1 - бабы 3-тармағының тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті;
4) Техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға міндетті;
5) жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға міндетті;
6) ай сайын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына объект құрылысының жай-күйі мен барысы туралы есеп беруге;
7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда бұл туралы Тапсырыс берушінің назарына жеткізсін, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесін хабардар етсін;
8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті
Міндеттерді орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-не хабарласа аласыз. Мекенжайымыз: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі 27, 2 қабат, тел. 87232401127