
Аттестаттау сарапшылардың кәсіби даярлығы мен құзыреттілігінің деңгейін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін айқындау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің мынадай түрлерін жүзеге асыратын сарапшылар үшін жүргізіледі:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;
2) техникалық қадағалау;
3) авторлық қадағалау;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру.
Техникалық қадағалау бойынша аттестаттауға келесі тұлғалар жіберіледі:
2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Өтінімді "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы беруге болады www.elicense.kz.