Қандай жағдайларда Тапсырыс беруші техникалық қадағалауды өз бетінше жүзеге асыра алады

Қандай жағдайларда Тапсырыс беруші техникалық қадағалауды өз бетінше жүзеге асыра алады

Қазақстан Республикасында техникалық қадағалау бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Негізгі құжат «Сәулет, қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады, ол құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

Техникалық қадағалау міндетті түрде барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырылады Техникалық қадағалау міндетті емес нысандар:

  • Жеке тұрғын үйлер.
  • Уақытша құрылыстар.
  • Үй-жайларды қайта құру
  • Техникалық жағынан қарапайым ғимараттар.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңда көрсетілген басқа да ерекшеліктер бар. Басқа жағдайларда техникалық қадағалау міндетті болып табылады және заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Толығырақ ақпарат алу үшін ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі 27, 2 қабат, тел. 87232401127 мекенжайы бойынша "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не хабарласа аласыз.