Лицензияны жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қойылатын талаптары

Лицензияны жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қойылатын талаптары

Лицензия беру (жобалау қызметіне, іздестіру қызметіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"                                             ҚР Заңына, лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарына (ҚР ҰЭМ м.а. 09.12.2014 жылғы № 136 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүзеге асырылады

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалау қызметіне байланысты лицензия 3 санаттан тұрады: I, II, III.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар:

1) Әкімшілік жағынан жарақтандырылған өндірістік базаның болуы кемінде бір жыл мерзімге меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік ғимараттармен (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен);

2) сұралатын лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің құрамына кіретін және өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін жұмыс бейіні бойынша тиісті аттестаты бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы;

 3) меншік немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы (бақылау-өлшеу аспаптары, машиналар мен механизмдер болуы);

 4) І санат үшін (1-2 жауапкершілік деңгейінде орындалған жұмыстардың 20 актісі немесе 1-2 жауапкершілік деңгейінде пайдалануға берудің 10 актісі)

ІІ санат үшін жұмыс тәжірибесі (орындалған жұмыстардың 10 актісі 2-3 жауапкершілік деңгейі немесе 5 пайдалануға беру актісі 1-2 жауапкершілік деңгейі).

Сондай-ақ заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша 10 АЕК мөлшерінде лицензиялық алымды төлеу қажет. Деректемелері: КБК-105402, КНП-911. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш "Е-лицензиялау" сайты арқылы беріледі өтінішті қарау мерзімі 5 жұмыс күні.