«Сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау және сәулет, қала құрылысы саласындағы инжинирингтік қызметтер және құрылыс қызметі»

«Сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау және сәулет, қала құрылысы саласындағы инжинирингтік қызметтер және құрылыс қызметі»

 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Аттестаттау сарапшылардың кәсіби даярлығы мен құзыреттілігінің деңгейін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін айқындау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі.

Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің мынадай түрлерін жүзеге асыратын сарапшылар үшін жүргізіледі:

1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;

2) техникалық қадағалау;

3) авторлық қадағалау;

4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру.

Аттестаттауға келесі тұлғалар жіберіледі:

Тиісті бөлімдер бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін-қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі бар адамдар және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу және (немесе) сараптау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Өтінімді "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы беруге болады www.elicense.kz