Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған кезде ақша тартуға тиісті рұқсаттың болуын «КТК» АҚ-ның (homeportal.kz)

Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған кезде ақша тартуға тиісті рұқсаттың болуын «КТК» АҚ-ның (homeportal.kz)

Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған кезде ақша тартуға тиісті рұқсаттың болуын «КТК» АҚ-ның (homeportal.kz) тұрғын үй порталында дербес тексеруге болады. Брондау шарттары заңсыз болып табылады және тұрғын үй алуға кепілдік бермейді (оның ішінде оларда көрсетілген мерзімдерде).

Үлескерлердің қаражатын тартудың заңдылығын бақылау мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

2023 жылы 8 ұйым «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, құрылысқа арналған тиісті рұқсат құжаттарының (жерге арналған актілер, жобалау құжаттамасына сараптама, құрылысқа арналған хабарлама) болуын тексеру қажет.

28.02.2024 жылғы жағдай бойынша келесі ТК-лерге құрылысқа арналған құжаттардың толық пакеті жоқ:

  1. «Grand Residence» ТК - Красин к-сі, 11 В, Тапсырыс беруші - «MRS Company» ЖШС. Жоқ - жобаға сараптама, авторлық және техникалық қадағалауларды сүйемелдеу, ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарлама талоны (құрылысқа тыйым салу туралы сот шешімі бар).
  2. «Astoria» ТК - Көкжал Барак көшесі, 18а, Тапсырыс беруші - «Дейнека» ЖШС. Келісілген нобайлық жоба жоқ, құрылыс тоқтатылды.
  3. «Шаңырақ» ТК - пр. К. Сәтпаева, 27 Д. Тапсырыс беруші - «Шаңырақ ел» ЖШС. Жоқ - жобаға сараптама, авторлық және техникалық қадағалау, ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарлама талоны, құрылыс тоқтатылды.
  4. «Asyl Tau» ТК - Көкжал Барак көшесі, 26, Тапсырыс беруші - «Орда Трейдинг» ЖШС. Жоқ - жобаға сараптама, авторлық және техникалық қадағалау, ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарлама талоны, құрылыс тоқтатылды.
  5. «AB-Residence» ТК, Тапсырыс беруші - «Stroi Invest Capital» ЖШС. Жоқ - түзетілген жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы (сот талқылауы жүргізілуде).
  6. «Krilova» ТК - Крылов к-сі, 70/1, Тапсырыс беруші - Шеленговский М. Жоқ - қабаттың ұлғаюына байланысты жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы (сот талқылауы жүргізілуде).