
"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ (бұдан әрі-Басқарма) өтініш негізінде меншік иесіне қатысты объектілер бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді:
26.06.2023 жылдың тексеру нәтижелері бойынша меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-тармағына сәйкес «объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) немесе белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша», ҚР ӘҚБтК 321-бабының 1-тармағы бойынша "техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз құрылысты жүзеге асыру", ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-тармағы бойынша (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз жүзеге асыру" жоғарыда көрсетілген объектілер бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
ШҚО СМЭС жоғарыда аталған нысандар бойынша отырыс өткізілді. Соттың шешімі бойынша "ШҚО, Зайсан ауданы, Спамбетов көшесі 15 мекен-жайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы"нысанын бұзуға қатысты, және "ШҚО, Зайсан ауданы, Б. Момышұлы көшесі 31/1 мекен-жайында орналасқан сауда қатарының құрылысы" объектісінің баспалдақ алаңын бөлшектеу туралы Басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған нысандар бойынша сот талқылауы жүргізілуде.
Осыған байланысты басқарма Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 ж. № 750 бұйрығымен бекітілген құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 3-тарауының 1-параграфының 22-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын объектіні барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді ұсынады.
Құрылыс бойынша жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және келесі кезеңдермен жүзеге асырылады:
1)құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беру жағдайларынан басқа);
2)эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі - жобалау) және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу (бұдан әрі – сараптама);
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету, Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.