
ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2024 жылдың қаңтар айына 214 кіріс хаттар қабылдады, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері 74 хат.
Өткен кезеңде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада, Басқармада белгіленген нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін:
-жалпы сомасы 14,6 млн. теңгеге 81 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 33 әкімшілік істер әкімшілік сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді,11,6 млн. теңге өндірілді, бұл 79 % құрайды.
-құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау туралы 44 талон берілді, оның ішінде 40- жеке сектор объектілері, 4 – бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер.
1) жобалау қызметіне лицензия беру-2;
2) іздестіру қызметіне лицензия беру-3;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру-5;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу-2;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау - 2.