«Чистое небо» тұрғын үй кешенінің су бұру жүйесін тексеру

«Чистое небо» тұрғын үй кешенінің су бұру жүйесін тексеру

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) мекенжайына Өскемен қаласының тұрғынынан Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы, 15д мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) сақталуы тұрғысынан «Чистое Небо» ТК су бұру жүйесінің құрылысын тексеруге қатысты өтініш келіп түсті.

Осы өтінішті қарау шеңберінде Басқарма құрылыс салушыға қатысты осы нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, нәтижесінде Заң бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, құрылыс салушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі (айыппұл салынды), ҚР ӘҚБтК 321-бабы (айыппұл салынды), ҚР ӘҚБтК 319-бабы (сот қарайды) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (сот қарайды) бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесі бойынша нысан салушыға анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта берілген нұсқаманың талаптары орындалуда.