Коммерциялық тұрғын үй туралы ақпарат

Коммерциялық тұрғын үй туралы ақпарат

Қазіргі күнде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, көпқабатты коммерциялық тұрғын үйлер құрылысы бойынша құрылыс салушыларға қатысты, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша төмендегі бұзушылықтар анықталды:

1. "Grand Residence" ТК құжаттамасы жоқ, құжаттарды алғанға дейін құрылысты тоқтату туралы сот шешімі бар

2. "Astoria" ТК келісілген эскиздік жоба жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды;

3. "Оазис-4" ТК құжаттамасы жоқ, сот талқылаулары жүргізілуде;

4. "Шаңырақ" ТК құжаттама жоқ; келісілген эскиздік жоба жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды;

5. "Tumar Towers" ТК құжаттамасы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды;

6. "ASYL Tau" ТК құжаттамасы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды;

7. "Deluxe town" ТК бекітілген жобадан ауытқу бар; (поз. 99) құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды, сот талқылаулары жүргізілуде;

8. "AB-RESIDENCE" ТК бекітілген жобадан ауытқу бар (12 қабаттың орнына14 қабатты үйдің құрылысы орындалды), сот талқылаулары жүргізілуде;

9. "Krylova" ТК бекітілген жобадан ауытқу бар, (5 қабаттың орнына 6 қабатты тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде), сот талқылаулары жүргізілуде.