Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Облыс орталығының аумағында үлестік құрылыс белсенді дамып келеді, ол «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңмен (бұдан әрі – заң) реттеледі.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес үлестік қатысу үш тәсілмен ұйымдастырылады:

1) бірыңғай оператордың кепілдіктерін алу (құрылыс салушы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ бірыңғай операторымен кепілдік шартын жасасуға міндетті);

2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу (құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуға міндетті);

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту (құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуға міндетті).

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты тұрақты негізде мониторинг жүргізуде, мониторинг нәтижелері бойынша ШҚО мемелекеттык сәулет- құрылыс бақылау басқармасы 5 құрылыс салушыны ("Дейнека" ЖШС (2 объект бойынша), "Royale Finance Group" ЖШС, "DALA SK" ЖШС, "Elit Stroy group" ЖШС, "AsilжолGroup" ЖШС) ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты (Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін).

4 құрылыс салушыға қатысты, атап айтқанда "Stroi Invest Capital" ЖШС, "Бирюза Примара" ЖШС, "Royal Finance Group" ЖШС, "Baiterek Invest" ЖШС ҚР ӘҚБтК 320-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды, материалдар жауапкершілікке тарту үшін Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.

 

.