«АБ-Резиденс» тұрғын үй кешені

«АБ-Резиденс» тұрғын үй кешені

Басқарма техникалық қадағалау хатының негізінде и.Есенберлин даңғылының бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй құрылысына Тапсырыс берушіге (бұдан әрі-Объект) қатысты "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуы тұрғысынан жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырды. Сараптаманың оң қорытындысын алған бекітілген жобаға сәйкес объект коммерциялық үй-жайлары бар 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үй болып табылады.

Алайда, тексеру барысында 14 қабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, қосымша 2 қабатты (13-14 қабат) салуға тиісті рұқсат құжаттары, атап айтқанда сараптаманың оң қорытындысын алған түзетілген жоба жоқ.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.