Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздер

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздер

«ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:

1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары;

5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);

7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

8) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Басқармада жоспарлы тексерулер көзделмегенін қосымша хабарлаймыз.