
"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ "MRS Company" ЖШС-не қатысты 28.03.2023 жылғы №60 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, "Өскемен қаласы, Красин көшесі, №11в мекенжайында орналасқан кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көп қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы"объектісі бойынша.
Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары рұқсат беру құжаттамасынсыз жүзеге асырылғаны анықталды: сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу жоқ, эскиздік жоба жергілікті атқарушымен келісілмеген, жобалау-сметалық құжаттама жоқ.
Басқарма нұсқама талаптары жойылғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұруға нұсқама берді.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты берілмеді, сондай-ақ "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ Бірыңғай операторымен кепілдік шарты жасалмады.
Осыған байланысты осы факті бойынша әкімшілік бұзушылық бойынша хаттама жасалып, сотқа жолданды.