Қазақстан Республикасында құрылыс қызметі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) нормаларына және мемлекеттік құрылыс нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы жергілікті атқарушы орган болып табылады және Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарманың негізгі екі бағыты бар:
Бұл жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) қызметі туралы толығырақ айтып бергім келеді.
Бүгінгі таңда аталған бөлімде бөлім басшысын қосқанда 6 инспектор қызмет атқарады, оларға мына міндеттер жүктелген:
- салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген нысандарды мониторингілеу;
- заң бұзушылықтарға жол берген заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау;
- техникалық және авторлық қадағалау қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- нысандарды салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру.
Инспекциялау бөлімі сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау түрінде жүзеге асырады.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін мына тармақтар негіз болып табылады:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- прокуратура органдарының тапсырмалары;
- мемлекеттік органдардың өтініштері;
- үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
- нұсқамалардың орындалуын бақылау.
Белгіленген бұзушылықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан ауытқуларға байланысты сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 20-тарауына сәйкес құрылыс субъектісіне қатысты шаралар қабылдайды.
Құрылыс саласындағы әкімшілік жауапкершілік бұзушылыққа тәуелділікке және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды көздейді. Жекелеген жағдайларда лицензиядан айыру немесе аттестаттарды тоқтата тұру және т. б. түріндегі қосымша санкциялар көзделеді.
Тексеру нәтижелері бойынша инспектор нұсқама береді, оған сәйкес құрылыс субъектісі белгіленген мерзімде бұзушылықтар жасауға міндетті.