Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары

Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары

Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шеңберінде қазіргі уақытта қарастырылған іс-шаралар:

- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

- кезекте тұрғандардың жекелеген санаттарына (мүгедек балалары бар отбасыларға; I, II топтағы мүгедектерге; жетім балаларға; көп балалы отбасыларға) жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу құнын субсидиялау.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес, азаматтар келесі санаттар бойынша деректерін растаған жағдайда жалға берілетін тұрғын үй ала алады:

1) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары;

2) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) халықтың әлеуметтік осал топтары:

4) көп балалы отбасылар;

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

6) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары.

Жоғарыда аталған санаттардың кез келгеніне тиесілі болған жағдайда, соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үй болмаған және тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары «Kezekte.kz» сайтында өтініш беру арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебіне тұруға құқылы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекке тіркелген жағдайда тұрғын үй облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес бөлінетін бос тұрғын үй болған кезде облыстың қаласы/ауданы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде қолданыстағы кезекке сәйкес беріледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың келесі санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі айқындалды: «Мүгедек балалары бар отбасылар»; «I, II топтағы мүгедектер»; «Жетім балалар»; «Көп балалы отбасылар».

Тұрғын үй үшін төлемдерді бағдарламаның операторы «Отбасы банк» АҚ тепе-тең негізде жүзеге асырады: бюджет қаражаты есебінен 50% және алушы 50%.

Осылайша, жоғарыда аталған санаттар бойынша кезекте тұрғандар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған жері бойынша бойынша  «Отбасы Банк» АҚ филиалдарына өтінімдер беру арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алу үшін субсидиялар алуға мүмкіндіктері бар.