
2019 жылы 9,641 млрд. кВт * сағ электр энергиясын өндірілді , 8,741 млрд. кВт * сағ тұтынылды.
Жалпы, облыстың электр станцияларының жиынтық қуаты 2323 МВт немесе Қазақстанның барлық электр қуатының 10,6% (21901 МВт) құрайды. Облыста электр энергиясының едәуір үлесі гидроресурстар (69,2 %) және көмір электр станциялары (28,9%) есебінен өндіріледі. Жаңартылатын энергия көздерін өндіру үлесі - 1,9% құрайды.
Жаңартылатын энергия көздері.
2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өндірілетін электр энергиясының үлесі жалпы өндірілген
9 641,37 млн.кВт/сағатың 1,9% - ын немесе 183,19 млн. кВт/сағатты құрады.
2019 жылдың тамыз айында Жарма ауданында орнатылған қуаты 30 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы Алтай ауданында орнатылған қуаты 24,9 МВт және орташа жылдық өнімділігі 79,8 млн. кВт*сағ болатын Тұрғысын СЭС-1 пайдалануға беру жоспарлануда.
2018 жылдың аукциондық сауда-саттығының қорытындысы бойынша Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысы үшін 1 жер учаскесі анықталды. Жел электр станциясы 300 млн. кВт*с дейін электр энергиясын өндіретін болады. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылы жоспарлануда. 2019 жылғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жалпы қуаты 29,7 МВт 6 жоба анықталды.
Су электр станциялары.
Облыста орналасқан 4 энергия өндіруші ұйымдардың әр түрлі меншік иелігінде 6 су электр станциялары бар. Су электр станциялардың жалпы белгіленген қуаты 1762 МВт құрайды. Ертіс өзеніндегі 3 Су электр станциясы ГЭС ұлттық маңызы бар және Қазақстан Республикасының барлық электр энергетикалық кешенінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар электрэнергия Риддер каскадының 3 Су электр станциясында өндіріледі.