Басқарма басшысы А.Акышов мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

Басқарма басшысы А.Акышов мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалында Б корпусының мемлекеттік әкімшілік басқарушысы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

Басқарма басшысы А.Акышов осы кездесуге спикер ретінде қатысып, мемлекеттік қызметшілермен өзінің мемлекеттік қызметтегі жеке тәжірибесімен бөлісті және әрбір мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесу форматында өткен кездесуде курс тыңдаушылары қозғалған тақырыптар бойынша өз ойларын ашық білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды.