
Жоба бойынша 34,8 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры желілерін ауыстыру, жаңалау жоспарланған. Сондай-ақ құрылысы жүріп жатқан 1200 орындық мектепті сумен жабдықтау жүйесіне қосу көзделген. Сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстарын 2023 жылы аяқтау межесі тұр. Осыған орай, Семей қаласының Восточный кентінің 10 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.