Облыс бойынша жылыту маусымы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде басталды. Бюджеттік саланың барлық нысандары мен көп қабатты тұрғын үйлер жоспарлы түрде қосылған.
Қазіргі уақытта объектілердің дайындығы: қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан жоғары жылу көздері – 99% (барлығы 10 жылу көздері – 58 қазандық оның ішінде 55 қазандық дайын), су электр станциялары – 74% (4 ГЭС – 27 гидроагрегат оның ішінде 20 гидроагрегат дайын).
Көп қабатты тұрғын үй қорының, жылумен, электроэнергиясымен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің, қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардың және дербес қазандықтардың әзірлігі 100% - ды құрайды.
Облыстың ЖЭО мен жылу көздерінде 308 мың тонна немесе пайдалану қорының 147% жинақталған (210 мың тонна).
Тұрғындардың көмірге жалпы қажеттілігі 1 123,6 мың тоннаны құрайды, нақты жеткізілгені - 1 118,0 мың тонна көмір немесе 99%.
Бүгінгі күні облыстың темір жол тұйықтарында 14,3 мың тонна көмір жинақталған, оның ішінде: Өскемен қаласында - 1,2 мың тонна, Семей қаласында – 5,0 мың тонна, Риддер қаласында – 0,2 мың тонна, Аягөз ауданында – 4,9 мың тонна, Глубокое ауданында – 0,1 мың тонна, Жарма ауданында – 0,7 мың тонна, Алтай ауданында – 1,7 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 0,5 мың тонна.