Жер үйде тұрғысы келетіндерге

Жер үйде тұрғысы келетіндерге

Өскеменнің дәл іргесінен 28 шағын ауданның аумағында  жаңа ауыл бой көтеріп келеді. Қаланың шыға берісіндегі қызыл кірпіштен салынған жаңа үйлерді әркім байқаған шығар. Осы үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша жер  кезегінде тұрған адамдарға беріледі. Үйлердің құрылысы 2018 жылы басталған екені. Бүгін олар салынып бітіп, жаңа иелерін күтіп тұр. Құжаттарды қабылдау үстіміздегі айда басталады екен.

Қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек,   үйлер мемлекеттік сараптамадан өтіп қойғанын, құжаттарды қабылдау рәсімі жақында басталуы керек.

-           Үйдің биіктігі 2,8 м, қабырғасы  кірпіштен құйылған, жылу изоляциясы минераловатадан қамтамасыз етілген. Бәрі стандартқа сай, мемлекеттік сараптамадан өтті. 80, 100 және 120 шаршы метрлік үйлер сәйкесінше, 3, 4 және  5 бөлмелі, - дейді Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Мадияр Абылханов.     

Үйлер кәрізбен, суық сумен, ыстық су қайнатылатын құрылғымен,  электр қазандықтарымен қамтамасыз етілген.   Пеш қоятын жеке бөлме қарастырылған. Үй иелері оны кейіннен өз қалаулары бойынша орнатып алуға мүмкіндігі бар. Үйдің маңайы қашамен қоршалған, 10 сотық жері бар. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым бар. Енді осы үйлерге апаратын жол құрылысы жүргізілуде. 

-           Жақын арада жергілікті атқарушы билік өкілдері арыз қабылдау кезеңінің басталғаны туралы хабарландыру береді. Ал осы кезде біздің салымшыларымыз өтініш жазып, бізге келіп, төлемақы жүргізу мүмкіндігін растауға келуі керек, - дейді ТҚЖБ ШҚО бойынша филиалының директоры Нәзигүл  Аққұлова.

Бұл үйлер негізінен, жер теліміне кезекке тұрғандарға арналған. Кезекке әлі тұрып үлгермегендер, үйді рәсімдеу барысында   кезекке қабылдауға  арыз жазып, бірден банкке баруына болады. Кезекте тұрғандардың табысы 3,1 күнкөріс минимумына дейін болса, «5-20-25» бағдарламасы бойынша, ал табысы 3,1 күнкөріс минимумынан артық болса, «5-10-20» бағдарламасы бойынша ниеселік баспана рәсімдей алады. Бағдарламаға қатысушылар «Қазақстан Республикасының тұрғынүй қатынастары» туралы заңға сәйкес баспанаға мұқтаж жан ретінде кезекте тұрған бюджеттік жұмысшылар, мемлекеттік қызметшілер немесе әскерилер болуы керек. Оған қоса Қазақстан Республикасының азаматы болып, өз табысын Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде дәлелдеуі керек.

 

Бүгінгі күні «Нұрлы жер» -  азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған және тұрғынүй құрылысы бағытындағы барлық мемлекеттік шараларды біріктіріп отырған бағдарлама. Аталмыш бағларлама бойынша қала тұрғындары ауылдық жерге көшпестен, қала шегінде жер үй алуға мүмкіндігі бар.