ТКШ саласында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 214 жоба іске асырылуда. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов өңірде қанша жоба аяқталып, қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру және ағымдағы жөндеу бойынша 49 жоба, жылумен жабдықтау объектілері бойынша 18 жоба, электрмен жабдықтау бойынша 5 жоба және абаттандыру бойынша 142 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 214 жобаның 202-сі бойынша жұмыстар аяқталды.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша қайта құру және ағымдағы жөндеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
-Өскемен, Семей, Алтай қалаларында, сондай-ақ Аягөз, Абай, Тарбағатай, Бородулиха, Шемонаиха, Бесқарағай, Жарма және Зайсан аудандарында сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жөндеу жүргізілді. Аягөз, Бородулиха, Катонқарағай, Ұлан аудандарындағы және Алтай ауданындағы жылумен жабдықтау және жылу көздері желілерінің құрылысы жүргізілді. Риддер қаласында және Үржар, Ұлан аудандарында электрмен жабдықтау желілері тартылды, - дейді Нұрлан Рамазанов.
Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарыаясында балаларға арналған футбол алаңдары, хоккей қораптары мен Воркаут алаңдары орнатылуда, саябақтар мен скверлерді көгалдандыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осындай абаттандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.
Бағдарламаны іске асырудың арқасында 4430 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 2216 – уақытша, 238 - тұрақты және 1976 – жұмыспен қамту орталығынан.