2024 жылдың 23 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы үшін сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Аталған отырыста Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жеткізу жоспарына сәйкес, облыстың газ желісі ұйымдары арасында
2024 жылдың 4 тоқсанына 9 060 тонна көлемінде сұйытылған мұнай газын бөлу мәселесі қарастырылды.