«Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карла Либкнехта көшесі, 19, телефон 8 (7232) 701-197, 701-233 е-mail: a.amanzholova@akimvko.gov.kz ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 7 МБ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Қағида).