«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама
«Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы», 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехта көшесі 19, телефон 8 (7232) 25-58-72, 701-233, е-mail: a.amanzholova@akimvko.gov.kz (ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 15 МБ) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Облыстың жылумен қамтамасыз ететін көздерінің, әлеуметтік және коммуналдық объектілерінің, үйлердің қысқы жағдайда жұмыс істеу дайындығына бақылау жасау. Өз құзыреті шегінде әкімдік, мәслихат қаулыларының жобасын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жасауға қатысу. Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша жұмыс кеңестерін, семинарларды дайындау жұмысын ұйымдастыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясатты және мақсаттық бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың елді мекендерін көріктендіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттік ұйымдардың, халықтың және заңды тұлғалардың пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін қарыздарын төмендету бойынша мониторинг жүргізуді және бақылау жасауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Басқарма басшысының баяндамалары мен есептерін дайындауға, сондай-ақ облыс әкімінің есеп беру кездесулеріне ақпарат дайындауға қатысу. Облыс әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Бақылынатын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен жүгінулерін уақытында және сапалы қаралуын қамтамасыз ету. Қадағаланатын мәселелер бойынша бөлім жұмысы туралы есеп және ақпарат дайындау. Азаматтардың жүгінулерін қарауға қатысу. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс кеңестерін, семинарларды дайындау жұмысын ұйымдастыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты және мақсаттық бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың елді мекендерін көріктендіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімдегі іс жүргізуге бақылау жасау. Өз құзыреті шегінде басқа өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқармада құрылған облыстық коммуналдық-техникалық қызметпен бейбітшілік және соғыс кезінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша арнайы шаралардың орындалуын жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде басқа өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бөлімі бойынша: Техникалық ғылымдар жəне технологиялар» (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, стандартизация және сертификация (өніркәсіп бойынша), метрология, құрылыс, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе «Құқық» саласындағы мамандықтар (құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық) немесе «Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік жəне жергілікті басқару). Жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не қолма-қол тәртіпте, не a.amanzholova@akimvko.gov.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші тест отпейди.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысушы және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»» ММ-де Өскемен қаласы, К.Либкнехта көшесі, 19, 2 қабатта өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу шығындары (әңгімелесу өтетін жерге бару және қайту жолы, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметтерінің барлық түрлерін пайдалану) азаматтардың өз қаражаты есебінен төленеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Анықтама телефондары: 8 (7232) 701-197, e-mail: a.amanzholova@akimvko.gov.kz
|
|
|
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
|
|
|
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / |
||
|
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады