
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші оны беруге міндетті. Мәселен, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т.).
Кодекстің 93-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Осыған байланысты, ақы төленетін қосымша еңбек демалысын беру жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын демалыс беру тәртібімен жүзеге асырылады деп санаймыз.