«Vision Zero» Концепциясы

«Vision Zero» Концепциясы

2019 жылғы 17 маусымда Женева қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында "нөлдік жарақат - Vision Zero" тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Осыған байланысты, мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке бизнестің орта және ірі кәсіпорындарының басшылары арасында "Vizion Zero"тұжырымдамасына қосылу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тұжырымдамада нөлдік жарақатпен және қауіпсіз еңбек жағдайымен өндірістің жеті "алтын ережесі" қарастырылған:

  • көшбасшы болу-принциптерге адалдықты көрсету;
  • қауіптерді анықтау-тәуекелдерді бақылау;
  • мақсаттарды анықтау-бағдарламаларды әзірлеу;
  • қауіпсіздік және еңбек гигиенасы жүйесін құру-ұйымның жоғары деңгейіне жету;
  • станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарында қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету;
  • біліктілігін арттыру - кәсіби дағдыларын;
  • кадрларға инвестициялау-қатысу арқылы ынталандыру.

Бүгінгі таңда «Vizion Zero» тұжырымдамасына облыстың 25 кәсіпорны қосылды.

Осыған байланысты біз барлық жұмыс берушілерді жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың санын азайту, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту үшін "Vizion Zero" тұжырымдамасына қосылуға шақырамыз.