
2020 жылы 12 тамызда ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникация қызметінің көмегімен «Semey Bus» кәсіпорынындағы тексеру қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88-r «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» өкімі негізінде, Мемлекеттік еңбек инспекциясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Semey Bus» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының 72 бұзылуы, атап айтқанда: қызметкерлерге жалақы мен өсімпұлдарды төлеу, пайдаланылмаған демалыстардың өтемақысы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін ақы төлеу, үстемеақылар, сағаттық тарифтік мөлшерлемені толық көлемде төлемеу салдарынан жалақының дұрыс төленбеуі анықталды.
Еңбек заңнамасын бұзушылықтарға байланысты «Semey Bus» ЖШС әр кешіктірілген күн үшін қызметкерлерге 4 522 887 теңге көлемінде өсімпұл, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы 41 760 теңге, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы 830 841 теңге, 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейінгі кезеңдегі жалақы берешегі (43 қызметкер) 878651 теңге төлеуге және үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріне ақы есептеп төлеуге міндетті. «Semey Bus» ЖШС-нің қызметкерлер алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрады.
Тексеру барысында «Semey Bus» ЖШС Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының (еңбекақы, үстемақы төлемдерін толық есептемеу, еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдерін жүргізбеу т.б.) бұзылғандығы анықталған. Анықталған заң бұзушылықтарды 2020 жылдың 30 тамызына дейін жою туралы мемлекеттік енбек инспекторлардың нұсқамасы беріліп, заңды тұлға 120 ЕКМ (333360 тенге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сілтеме https://www.facebook.com/rsk.vko/videos/974678249714173/?vh=e&extid=Lr5ihmsBtdjXvvMx&d=n