Облыс бойынша 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру

Облыс бойынша 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1182 Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2024 – 2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдама еңбекті қорғауды қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдірудің 4 негізгі бағытын қамтиды:

- Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту;

- Кәсіби тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру;

- Еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту;

- Еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру;

Еңбек жағдайларын жақсарту, жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын азайту үшін, 2024 жылғы 2 мамырда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында «Шығыс Қазақстан облысында 2024-2030 жылдарға арналған өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жол картасы» қабылданды.

Жол картасы шеңберінде:

73 кәсіпорында 169 өндірістік объектілер мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын қамти отырып, еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүзеге асырылды, облыстың 185 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізілді (OHSAS 18001, ХЕҰ-АҚҚ).

Облыстың 14 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді, онда денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту бойынша жұмысқа ауыстырылған 64 адам жұмыс істейді.

17 кәсіпорын шарттық қатынастар шеңберінде Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бақылаудың сатылы моделін енгізді.

42 кәсіпорын «VisionZero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды;

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің 1000 жұмысшыға шаққандағы коэффициенті 0,15, өліммен аяқталған 0,02 құрады

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандырудың жасалған шарттарының үлесі белсенді кәсіпорындардың жалпы санының 65,1%  құрайды

Қабылданған шаралар нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% - ға төмендеді.