Жандос Қырықпайұлы Ракимовқа алғыс білдіреміз

Жандос Қырықпайұлы Ракимовқа алғыс білдіреміз

Ракимов Жандос Қырықпайұлы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 2018 жылғы 01 тамызынан бері бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарып келеді.

Осы қызмет еткен жылдарда ол жоғары атқарушылық қасиетіне ие, қабілетті және білікті маман ретінде танылды.

Жандос Қырықпайұлы мемлекеттік еңбек инспекторы болғанға дейін бірқатар тәжірибе жинақтап, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан маман ретінде келді. Ол бастапқы кезде Риддер қаласында, кейіннен Глубокое, Шемонаиха аудандарында тау-кен кәсіпорындары, ауыл-шаруашылық ұйымдары шоғырланған өңірде еңбек заңнамасын насихаттап, сақталуына бірталай еңбек сіңіріп келеді.

Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі, еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағытталған қызметінде жүктелген тапсырмалар мен жұмыстарды уақтылы және қысқа мерзімде сапалы орындауымен ерекшеледі.

Мемлекеттік еңбек инспекторы Жандос Қырықпайұлына мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі және еңбек қатынастарындағы заңдылықты сақтаудағы жұмыстары үшін, мемлекетке және қоғамға пайдалы үлес қосқаныңыз үшін Алғысымызды білдіреміз.