2024 жылғы 15 мамырда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлық қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына қатысты кез келген өзекті тақырыпқа ерекше назар аудара отырып, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. 2024 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы-климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері.
Бекітілген іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары 120-дан астам адамды қамти отырып, еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу ережелерін сақтау мәселелері бойынша 12 семинар мен дөңгелек үстел өткізді.
2024 жылғы 17 сәуірде Басқарма "ШҚО кәсіподақ орталығы" ТОП-мен бірлесіп Мемлекеттік органдардың, облыстың ірі және орта кәсіпорындарының, салалық кәсіподақтардың және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен "Еңбекті қорғаудағы инновациялар: қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын құру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда басшының орынбасары К. К. Аблкайров "2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы" баяндама жасады.
Айлық кезеңінде облыс кәсіпорындары айлықты өткізуге белсенді қатысты. Аумақтар мен үй-жайларда баннерлер ілінді, қабырға газеттері безендірілді, мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен дөңгелек үстелдер мен оқыту семинарлары ұйымдастырылды, сондай-ақ қызметкерлер қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағаны үшін көтермеленді. Мысалы:
"Шығыстүстімет" ЖШС, "ҮМЗ" АҚ, "Өскемен ЖЭО" ЖШС, "Казцветметремонт" ЖШС бөлімшелерінде қорытындыларды шығарып, жеңімпаздарды марапаттай отырып, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған байқау-конкурстар ұйымдастырылды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша плакаттар мен ұрандар ілінді.
"Қазмырыш-Шахтострой" өндірістік кешенінде "Қазмырыш" ЖШС "Мамандығы бойынша үздік" және "ҚТ бойынша үздік учаске" конкурстарын өткізді. Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
"BM Factory Project" ЖШС ұжымдарында түсіндіру жұмыстары мен үгіт-насихат әңгімелесулері өткізіліп, байыту фабрикасының аумағында аумақты, жұмыс үй-жайларын жинау, ағаштарды әктеу бойынша сенбіліктер өткізілді.