
2024 жылғы 26 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторлары Т.О. Орынбеков «Айтас МП» ЖШС - ның қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, оның ішінде жұмыс берушінің еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндеттері, еңбекақыны төлеу туралы түсіндіру жүргізілді және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің шығу тарихы жайлы айтып берді.