
2024 жылғы 26 сәуірде Глубокое ауданында мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.К.Ракимов еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша «Березовское» шаруа қожалығы және «Колос Агро» ЖШС-ның қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, оның ішінде қызметкерлерге арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру нормаларына, жұмыс берушінің жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндеттері туралы және т.б. түсіндірмелер берілді.