«Усть-Каменогорское управление Промтехмонтаж» ЖШС-ның ұжымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

«Усть-Каменогорское управление Промтехмонтаж» ЖШС-ның ұжымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

2024 жылғы 25 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторлары А.А. Қабаев пен Д.М. Сагатбеков «Усть-Каменогорское управление Промтехмонтаж» ЖШС-ның ұжымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Еңбек ұжымы өндірісте тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды енгізу арқылы қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік техникасы қағидаларын заңды қолдану, сондай-ақ қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін іс-шаралар жүргізу тәсілдерін талқылады.