Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жолдау жөніндегі қағидалар бекітілді

Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жолдау жөніндегі қағидалар бекітілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы №14 бұйрығымен «Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидалары» (әрі қарай-Қағида) бекітілді.

Қағидаға сәйкес, жұмыс беруші сақтандырушымен жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасады.

Сақтанушы жасаған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтерді сақтандырушы дерекқорға енгізеді.

Жұмыс берушінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде жасалған шарт туралы мәліметтерді жіберуі мәліметтерді дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған беру жолымен жүзеге асырылады.

Дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесіне мынадай мәліметтер беріледі: сақтандырушының атауы, шарттың нөмірі мен сериясы, сақтанушының атауы, шарт жасалған күн, шарт қолданысының басталуы, шарт қолданысының аяқталуы, шартты тоқтату/бұзу себептерінің атауы, шарттың тоқтатылған/бұзылған күні, еңбекке ақы төлеудің жалпы жылдық қоры, сақтандыру сыйлықақысы, жұмыскерлердің жалпы саны.

Қағида 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап күшіне енеді.