2024 жылғы 1 ақпанда онлайн режимде (ZOOM) ШҚО бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департаментімен бірлесіп, ҚР Еңбек кодексінің 127-3 бабына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшеріндегі төлемді жүзеге асыруды түсіндіру бойынша семинар өткізілді, оған барлығы 50 астам мемлекеттік мекемелер, өмірді сақтандыру компанияларының өкілдері, кәсіпорын басшылары және бухгалтерия бөлімінің мамандары қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қ. Қизатов кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды арнайы әлеуметтік төлемді (проактив) жүзеге асыруды ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
ШҚО бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары М.В. Шаронова семинарға қатысушыларды арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы, жұмыс берушілер мен сақтандыру компанияларының «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ деректемелеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінде төлемді аудару мерзімдері туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, кездесу барысында еңбек кітапшаларын цифрландыру кезінде enbek.kz порталында белгілі бір лауазымдардың болуына қатысты мәселелер талқыланды.